Фото: Yonhap
Аустралиялық ғалымдардың жаңа зерттеуі адамзаттың Жер ресурстарын тұтыну мүмкіндігінен асып кеткенін көрсетті, – деп хабарлайды KAZINFORM.
Сарапшылардың пікірінше, планетаның тұрақты дамуы үшін адам саны 2,5 миллиардтан аспауы керек еді.
Зерттеушілер соңғы екі ғасырдағы демографиялық деректерді саралап, Жердің сыйымдылық шегіне жеткенін мәлімдеді. Бүгінде әлем халқы 8,3 миллиардтан асса, ғасыр соңына қарай бұл көрсеткіш 12 миллиардқа жетуі мүмкін. Алайда ғалымдардың есебінше, Жер шары еш қиындықсыз асырай алатын оңтайлы халық саны — небәрі 2,5 миллиард.
— Біз қазір планетаның табиғи мүмкіндігін алдап, қазба отынының арқасында өмір сүріп отырмыз. Бірақ Жер ресурстарды жаңартып үлгермей жатыр. Қазірдің өзінде әлемде судың тапшылығы басталды. Егер тұтыну мәдениеті түбегейлі өзгермесе, миллиардтаған адам тұрақсыз жағдайға тап болады, — деп ескертеді зерттеу авторлары.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!