Шымкентте басы дауға қалған жергілікті полиция қызметінің экс-бастығы Мұхтар Бұхарбаев екі ай бұрын мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ол жазасын Шығыс Қазақстан облысындағы түрмеде өтеген. Бұл туралы жәбірленушінің адвокаты Азамат Айымбетова мәлімдеді.

Талғат Есімовтің айтуынша, бұрынғы жоғары лауазымды полиция қызметкері материалдық шығынды да төлемеген. Оның шартты түрде мерзімінен бұрын қандай себеппен босатылғанын Жоғарғы Сот пен Бас прокуратура анықтауы керек.

«Аппеляция Бұхарбаевтың іс-әрекетін лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланудан алаяқтыққа айналдырды. Мұндай шешім қабылдауға ешқандай дәлел болмаса да. Бұл мәселе бойынша менің әріптесім Ғалия Алдиярова Жоғарғы сотқа кассациялық өтініш берді. Жоғарғы Сот бүгін осы өтінішті қарады. Олар кассациялық өндірісті қозғап, істі қайта қарауды талап етті. Енді іс ауқымды құрамда қаралатын болады», – дейді жәбірленуші Азамат Айымбетовтың адвокаты Талғат Есімов. 

Жергілікті полиция қызметінің бұрынғы басшысы өткен қыркүйекте жеті жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Судьяның айтуынша, Бұхарбаев екі жыл бойы қоластындағы Азамат Айымбетовке әуе билеттерін, жиһаз, сағат, айфон және тіпті шырша сатып алуға мәжбүр еткен. Полковниктің өзі сотта барлық айыптауларды толығымен жоққа шығарды.

Бұхарбаевтың адвокаттары сот шешімін тым қатал деп санап, үкімге шағымданды. Апелляциялық саты Бұхарбаевтың іс-әрекетін ірі көлемде алаяқтық жасады деп өзгертіп, түрме мерзімін екі есеге қысқартты. Жәбірленуші Азамат Айымбетов пен оның адвокаты апелляциялық сатының шешімімен үзілді-кесілді келіспейді және әділдікке қол жеткізгілері келеді. 

«Егер Жоғарғы Сот біздің тараптың, прокурордың өтінішін қанағаттандырып, апелляциялық сатыдағы шешімнің күшін жойып, бірінші сатыдағы үкімді күшінде қалдырса, онда мерзімінен бұрын босатылған Бұхарбаев қайтып түрмеге оралуы мүмкін. Қазір біз шешімге қарсы апелляциялық сатыда Жоғарғы Сотқа шағымдандық. Менің ойымша, бұл сәтті болды. Себебі 99% Жоғарғы Сот іс қозғаудан бас тартады», – дейді адвокат Талғат Есімов. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!