Депутат Жигули Дайрабаев Мәжілістің жалпы отырысында қылмысқа барған ұлдарына қатысты іске жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Депутат бұл іске қатысты кейбір әріптестеріне қолдау білдіргені үшін және моральдық жағынан әділдік танытып, құқықтық жағынан сауаттылық көрсеткендерін жоғары бағалайтынын тілге тиек етті.
Балаларымды кінәлі деп есептемеймін. Олар әділдік үшін күреседі. Апелляциялық сотқа жүгініп, абыройын қорғауға мүдделі. Ендеше, мен Мәжілістен не үшін кетуім керек. Ауыл тұрғындары, мені сайлаған «Ауыл» партиясы маған үлкен үміт артып отыр. Көптеген өткір мәселелерді қолға алып, жұмыс істеуім қажет. Бүгінгі депутаттық сауалым осылардың бірі, – деді ол.
Ecкe сaла кетейік, Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың ұлдары 550 миллионнан аса қаржы жымқырған деген айыппен сотталған еді.
Сондай-ақ Жигули Дайрабаев отырыста өзінің депутаттық сауалын Премьер-министрге жолдады.
«Бұл тақырыптың биік мінберлерден көтеріліп жүргеніне 10 жылдан асты. Ұлттық банк пен қаржы нарығын реттеу агенттігінің жауыр болған жауабын қолданбай, үкімет басшысы ретінде агробанк құруға нақты позицияны айқындауыңызды сұраймыз. Біз агробанктің қажет екеніне сенімдіміз. Фермерлердің бүгінгі қажеттілігі кем дегенде 2 триллион теңге. Елімізді агрорлық державаға айналдырамыз десек, бұл қажеттілік 5 триллион болады», – деді Жигули Дайрабаев.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!