Заман талабы. Заман ағымы. Өмірде кейде қалай таңдау жасап, кімге қалай жауап береріңді білмей қаласың… Дұрыс таңдау жасау, әрине, жақсы. Кейде өзгелерге қатты көңіл бөліп, ақкөңілділігіміз артып, «жоқ» дейтін жерде «иә» дейтініміз шындық емес пе?! Бұл өзімізге қиындық алып келсе ше?!

Сол бір адамның жәутеңдеген жанарына қарап, «жоқ» деп айту ең қиыны шығар. Мүмкін біздің өмірімізде орын алып жатқан тіршіліктің барлығы «жоқ» деген сөзден басталса ше?! Заман ағымына сай өмір сүреміз дейміз. Қазіргі заман ағымында әр пенде өз денсаулығын ойлау керек емес пе?! Ендеше, неге «жоқ» деп айтуды үйренбеске!? Жоқ, жоқ, жоқ адамдарға тек өздеріне пайдалы дүниелерді айтсаң ғана қайтаратын жауабы. Иә, біз адамдар кейде өзімізге ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін білмейміз. Қолымызды бір сілтейтініміз тағы бар. Яғни, өмірде жастар дұрыс жолдан тайып, өз өмірлерін бұзады.

Оның бірден бір себебі: есірткімен айналысу. Өз денсаулықтарын бұзып қана қоймай, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасын да бұзады. Мұндағы кінә не? Әрине, есірткі. Жастардың мұндай іске жоламауын алдын ала ойлап, арнайы істер қарастырылғаны дұрыс деп ойлаймын. Басты мақсат: нашақорлыққа жолды жауып, «жоқ» деген сөзді қандай кезде қарастыратынын дұрыс түсіндіруі керек.     Иә, «жоқ» деп айтудың пайдасы да, зияны да бар. Бұрынғы ата-бабаларымыз «жоқ» десең барлығы жоқ болады деп кеткен. Дегенмен, барды бар деп, жоқты жоқ деудің өзі де әр адамның жеке нұқсаны. Ол таңдауға ешбірі қарсы келе алмасы анық. Яғни, мұның өзі – қазіргі заман талабы. «Дені саудың жаны сау» дегендей, әр адам ең алдымен денсаулығын басты орынға шығарып, зиянды әдеттерге «жоқ» деп айтуға дағдыланса, керемет болар еді, шіркін…?!

Сөзімнің соңын, өз шығармашылығымнан туындаған өлең шумақтарымен қорытындылағым келеді.

Өмір сыншыл сынағы таусылмайтын,

Пенделік пе қәл емес қалта ойлайтын.

Әркімнің көңілімен өмір сүріп,

Кімді көрдің есепсіз қартаймайтын.

Сен үшін орны бөлек өз өмірің,

Қайтесің тынымсыздың мас көңілін.

Өмірде  келісуден шаршадың ба?!

Ойлай беріп басқаның жат сенімін.

Саған айту қиын ба өз жайыңды,

Ақ көңілсің білемін сөз жайыңды.

Есебіңді өзгеге пайда етпей,

«Ия»деуіңді ұмытшы қам жайыңды.

  #есірткігеқарсы, #противнаркотиков 

Саида МАНАП,

М.Мәметова атындағы Қызылорда

педагогикалық жоғары колледжі, ҚТ-Ж-20 оқу тобының студенті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!