Sputnik. 2025 жылдың I тоқсанында республика экономикасының түрлі салаларында 9 283,5 мың адам жұмыспен қамтылды, деп хабарлады ұлттық статистика бюросы.

Оның ішінде 7 141 мың адам жалдамалы қызметкер болса, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 2 142,5 мың адам.

2024 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамтылғандар 116,2 мың адамға өсті, өсім негізінен жалдамалы қызметкерлер есебінен болып отыр.

Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі сауда (17%), білім беру (13,4%), өнеркәсіп (12,5%) және ауыл шаруашылығы (10,3%) салаларында байқалды.

Жас құрамы бойынша жұмыспен қамтылған халықтың негізгі үлесі 35-44 жас аралығында, бұл жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 28%. Жұмыспен қамтылғандардың тағы 40% 29-34 және 45-54 жас санаттарындағы жұмысшылар.

Өңірлер бөлінісінде жалдамалы қызметкерлер саны Алматы қаласында ең көп – 985,8 мың адам, өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлер бойынша – Түркістан және Алматы облыстары, тиісінше 378,2 мың және 233,7 мың адамнан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!