Фото: Pixabay.com

Стамбұл қаласындағы Final Academy Эйюпсултан мектебінде қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

11-сынып оқушысы 2023 жылдың соңында тәртібінің нашарлығынан мектептен шығарылған. Бірнеше айды араға салып оқушы бұрынғы мектебіне келіп, директорды  кабинетінде бес рет атып өлтірген.

Оқиға орнында ауыр жараланған 74 жастағы директор ауруханаға жеткізілгенімен көп ұзамай қайтыс болды. Бірнеше сағаттан кейін ұсталған 17 жастағы оқушы Түркияда оқитын Ирак азаматы екен. Ауыр қылмыс жасаған жасөспірім қамауға алынды.

Тергеу кезінде ол өзін мектептен қуған директорды аяғынан жаралап қорқытпақ болғанын айтқан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!