Гиннестің рекордтар кітабы британдық Этель Катерхэмді әлемдегі ең қарт адам деп жариялады. Қазір ол 116 жаста. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұған дейінгі ең қарт адам бразилиялық Ина Канабарро Лукас 116 жас 326 күнінде көз жұмғаннан кейін, әлемдегі ең қарт адам мәртебесі британдық Этель Катерхэмге өтті. 

Сонымен қатар, Этель Катерхэм – 20 ғасырдың алғашқы онжылдығында туған соңғы тірі адам (ол 1909 жылғы 21 тамызында дүниеге келген).

116 жастағы британдық әйел Этель Катерхэм қызықты өмір сүрді. Ол 1927 жылы, 18 жасында кемемен үш апталық сапарға шығып, Үндістанда жаңа өмір бастаған.

Бірнеше күннен кейін ол британ әскеріннің қызметкері Норман Катерхэмге тұрмысқа шыққан. Кейін Джем және Энн атты екі қызды дүниеге әкелген.

Қарияның күйеуі Норман 1976 жылы көз жұмса, қызы Джем 2000 жылдардың басында, екінші қызы Энн 2020 жылдың ақпанында 82 жасында қатерлі ісіктен дүниеден өтіпті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!