2050 жылға қарай әлемде тағы 80 миллион адам аштыққа ұшырауы мүмкін. Бұл туралы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Тюрк X желісіндегі жазбада дүние жүзіндегі әрбір оныншы адам аштықпен бетпе-бет келетінін айтты.
«Климаттың өзгеруіне байланысты 2050 жылға қарай тағы 80 млн адам аштыққа тап болуы мүмкін», – деп жазды ол.
Оның сөзінше, бұл мәселе азық-түлік тапшылығынан емес, тиісті жүйелердің әділетсіздігі мен қолжетімсіздігінен туындап отыр.
«Бізге теңдікке, тұрақтылыққа әрі адам құқықтарына негізделген азық-түлік пен жер пайдалану жүйелері керек», – деді Фолькер Тюрк.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!