Израиль Йеменге бірнеше соққы жасады. Шабуыл салдарынан 35 адам қаза тауып, 131 адам жарақат алған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Saba агенттігіне сілтеме жасап.
Израиль әскері хуситтердің әскери кешендерін нысанға алған. Алайда шабуылдан азаматтық ғимараттар да зардап шеккен.
«Жойылған нысандардың арасында террористік режимнің содырлары табылған әскери лагерьлер, хуситтердің әскери ақпарат бөлімінің штабы және жанармай қоймасы бар»,– деді Израиль қорғаныс армиясы.
Санаға жасалған шабуылдардан 28 адам қаза болып, 113-і жараланған. Эль-Джауф провинциясының Хазм ауданында 7 бейбіт тұрғын мерт болып, 18 адам жараланған. Жалпы қаза тапқан және жараланғандар саны 166 адамға жеткен.
ЦАХАЛ бұл қадамды Йеменнен Израильге ұшқышсыз аппараттар мен зымырандар жіберілгеніне жауап деп түсіндіріп отыр.
Қазіргі таңда Йеменнің азаматтық қорғаныс күштері қираған ғимараттардың астынан мәйіттерді шығарып, зардап шеккен аудандардан құрбандарды іздеуді жалғастырып жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!