Фото: Stan.kz

Қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 382 мың теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,2%-ға артық. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Статистикаға сүйенсек, Атырау, Маңғыстау және Ұлытау облыстарындағы тұрғындардың айлық табысы жоғары. Сондай-ақ алғашқы бестікке Астана мен Алматы да кіреді. Ал Жетісу, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында, керісінше, жалақы мөлшері төмен.

Әлем бойынша Қазақстан 196 елдің ішінде 80-орында тұр. Америка валютасына айырбастасақ, біздің орташа жалақымыз 673 долларға тең. ТМД елдерінің ішінде біз Ресейден (2,2 мың доллар) кейінгі екінші орындамыз. Рейтингте бізден төмен Түркіменстан (654 доллар), Беларусь (621 доллар), Армения (541 доллар), Әзірбайжан (494 доллар), Өзбекстан (351 доллар), Қырғызстан (228 доллар) және Тәжікстан (169 доллар) тұр.

Ал дүниежүзінде ең жоғары жалақы Швейцарияда тіркелді — 8,1 мың доллар. Алғашқы үштікте Люксембург пен АҚШ тұр. Ең төменгі жалақы Лесотода (24 доллар), Анголада (27 доллар) және Малавиде (31 доллар).

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!