Мадридтің “Реал” клубының жұлдызды шабуылшысы Килиан Мбаппе Алматыда өткен “Қайратқа” қарсы матчтан кейін жарақат алғанын айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Бұл туралы журналист Альберто Перейро хабарлады.
Мбаппе Алматыдағы Орталық алаңда өткен кездесудің екінші таймында тобығын созып алғанымен, матчты соңына дейін жалғастырған. Кейін футболшы “Вильярреалға” қарсы ойында да алаңға шыққан. Бірақ сол кездесуден соң тобығындағы ауырсынуға шағымданған.
Қазір Килиан Мбаппе командамен бірге толыққанды жаттығуларға қатыспай, жеке қалпына келтіру бағдарламасы бойынша жаттығуда және медициналық ем қабылдап жүр.
Еске сала кетейік, 30 қыркүйекте Алматыда өткен тарихи матчта “Қайрат” өз алаңында “Реалды” қабылдап, 5:0 есебімен қонақтар жеңіске жеткен.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!