Фото: yandex.kz
KAZINFORM — Қырғыз Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі Ресейге кіруге дәлелді себептері жоқ қырғызстандықтарға оның аумағына барудан уақытша бас тартуды ұсынады.
Қырғызстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, ұсынымдар Ресей аумағында енгізілген қосымша қауіпсіздік шараларын және шетел азаматтарының мемлекеттік шекара арқылы өтуіне бақылауды күшейту режимін жалғастыруға қатысты.
Қажет болған жағдайда Қырғызстан азаматтары елшіліктен тиісті көмек немесе кеңес ала алады.
Бұған дейін Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі ел азаматтарын қосымша қауіпсіздік шаралары енгізілгенше және мемлекеттік шекара арқылы кіруді күшейтілген бақылау режимі жойылмайынша Ресейге барудан уақытша бас тартуға шақырған болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!