Ауғанстан аумағында интернеттің толық өшірілді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы DW-ге сілтеп.

Бұл туралы 29 қыркүйекте NetBlocks халықаралық интернетті бақылау қызметі хабарлаған.

Ұйым мәліметінше, мұндай қадам тәліптердің «адамгершілік сақтау» саясаты аясында жүзеге асқан. Сонымен бірге елде телефон байланысының да бұзылғаны айтылады.

Бұл – «Талибан» 2021 жылы билікке келгеннен бергі алғашқы толық интернет ажырату жағдайы. Бұған дейін, қыркүйек айының ортасында, қозғалыс өкілдері «бейәдеп әрекеттердің алдын алу үшін» Ауғанстанның солтүстігіндегі бірқатар өңірлерде интернет желілерін уақытша өшірген еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!