Халықаралық қылмыстық сот Филиппиннің бұрынғы президенті Родриго Дутертені адамзатқа қарсы қылмыс жасады деп айыптап, оны ұстауға ордер берді. Филиппин полициясы Манила әуежайында Гонконгтан келген бойда қамауға алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасап.
Дутерте 2016-2022 жылдары президент болған кезде мыңдаған адамның өліміне әкелген есірткіге қарсы қатал репрессия жүргізген. Ол президенттік лауазымға келгенде елдегі қылмыспен күресемін деп уәде берген. Дутерте қауіпсіздік күштерін есірткі саудасына қатысы бар адамдарды атып тастауға шақырды. Науқан кезінде күдікті делінген 6000-нан астам адамды полиция өлтірген. Сарапшылардың айтуынша, бұрынғы президенттің есірткіге қарсы соғысы полицияның өз билігін асыра пайдалануына жол ашып, кейбір күдіктілер сотсыз, тергеусіз өлім жазасына кесілген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!