Фото: point.md
KAZINFORM – Германияда Adidas пен Nike компаниялары арасында сот процесі өтіп жатыр. Екі танымал бренд авторлық құқықты бұзды деп сотқа берді. Adidas компаниясы Nike компаниясын шалбар дизайнында үш жолақты заңсыз пайдаланды деп айыптады, деп хабарлайды Die Zeit басылымы.
Үш параллель жолақ – Adidas компаниясының танымал сауда белгісі.
2022 жылы америкалық Nike компаниясы тіккен шалбарда ұқсас жолақтар пайда болды. Adidas сотқа жүгінді.
Бірақ Nike компаниясында бұл шағымдарды негізсіз деп санады.
Олардың айтуынша, дизайн өте кең таралған және көптеген компаниялар өз киімдерінде үш жолақты қолданған.
Содан кейін сот Nike компаниясына Германия аумағында бес шалбар үлгісін ұсынуға тыйым салды. Nike бұл шешімге шағымданды, бірақ сот үкімді өзгеріссіз қалдырды. Nike тағы шағым түсірді, енді шешім қайтадан қабылдануы тиіс. Іс бойынша шешім 28 мамырда шығарылады деп күтілуде.
Бұған дейін Adidas футболдан Германия ұлттық құрамасының киіміндегі даулы нөмір дизайнынан бас тартуға шешім қабылдады. Ол – «44» нөмірлі футболка. Цифр дизайны тыйым салынған «SS» таңбаларына ұқсас.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!