Агенттіктің мәліметінше, хатта мейрамханалардың жабылатынына қарамастан, компания өз қызметкерлеріне жалақы төлей беретіні жазылған. Ресейдегі мейрамханалар желісінде 62 мың адам жұмыс істейді. Сонымен қатар, McDonald’s Украинадағы 100 мейрамханасын да жаппақ. Бұл елдегі қызметкерлерге де жалақы төленетін болады. Кемпчинскидің мәлімдеуінше, компания Украинадағы адамдардың қайғы-қасіретіне бейжай қарап отыра алмайды. Сондай-ақ, ол қазір компанияның Ресейдегі жұмысы қашан қайта жанданатынын болжау қиын екенін атап өтті. Оның сөзінше, енгізілген санкциялар салдарынан McDonald’s азық-түлік жеткізуде қиындықтарға тап болған. Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Kinopark & Kinoplexx компаниясының басшысы Алмас Малдыбаевтың үндеуі тараған еді. Онда Малдыбаев елімізде Kinopark & Kinoplexx кинотетарлар желісі бірінші сәуірден бастап уақытша жабылатынын жеткізген.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Kinopark & Kinoplexx компаниясының басшысы Алмас Малдыбаевтың үндеуі тараған еді. Онда Малдыбаев елімізде Kinopark & Kinoplexx кинотетарлар желісі бірінші сәуірден бастап уақытша жабылатынын жеткізген. Кейінірек, аталған ақпаратқа қатысты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы пікір білдірді. Мекеме жақын арада Мәдениет және спорт министрлігінде кинопрокат пен киножелілердің жетекші ұйымдарының басшыларымен кездесу өтетінін, онда Қазақстанның кинотеатралдық желісінің жұмысын тұрақтандыру бойынша бірқатар шаралар қаралатынын хабарлады. Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/society/1959768-aigili-mcdonalds-reseidegi-850-meiramxanasyn-uaqytsa-zabatynyn-malimdedi/

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!