Фото: Roberto Ricciuti / Getty Images

Ұлыбританияда қалың жұртшылыққа «Титаник» және «Сақиналар әміршісі» фильмдеріндегі рөлдері арқылы танылған актер Бернард Хилл сексен жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы BBC-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Актер Бернард Хиллдің кино саласындағы ең танымал рөлдері «Титаниктегі» капитан Эдвард Смит пен «Сақиналар әміршісі» фильміндегі король Теоденнің рөлі болды.

Хилл жексенбі таңертең қайтыс болды, қаралы хабарды оның агенті растады. Оның жанында әйелі Элисон мен ұлы Габриэль болған.

IMDb сайтында жарияланған мәлімет бойынша, Бернард Хилл 1944 жылы 17 желтоқсанда Ұлыбританиядағы Манчестерде дүниеге келген. Ол алғаш рет 1982 жылы Алан Блисдейлдің «Блэкстаффтың жігіттері» сериалымен танылған.

Хилл – 11 Оскар жеңіп алған және кассадан миллиард доллар жинаған екі фильмге түскен тарихтағы жалғыз актер («Сақиналар әміршісі: Корольдің оралуы» және «Титаник»).

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!