Гебреисус қажетті ресурстарды әділ бөлген жағдайда COVID-19 пандемиясын болдырмауға болады деп мәлімдеді. ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДСҰ) басшысы Тедрос Аданом Гебреисус СOVID-19 пандемиясын алдағы айларда бақылауға алуға болады деп санайтынын айтты, деп жазады tengrinews.kz. Гебреисус қажетті ресурстарды әділ бөлген жағдайда COVID-19 пандемиясын болдырмауға болады деп мәлімдеді. «Егер біз құралдарды дәйекті және әділ қолдансақ, бірнеше ай бойы пандемияны бақылауға ала аламыз», – деді ол. ДДҰ басшысы COVID-19 бүкіл әлемде 25 пен 59 жас аралығындағы адамдар арасында таралып жатқанына алаңдаушылық білдірді. Сонымен қатар, ол соңғы аптада әлемде COVID-19 жұқтырған 5,2 миллион жаңа жағдай тіркелгенін айтты. Ол вакцина өндірген елдерді технологиясымен бөлісуге, ал табысы төмен және орташа елдердегі өндіріске қызығушылық танытуға шақырды. Бұған дейін ДДҰ басшысы әлемдегі COVID-19-дың таралу жылдамдығы туралы айтқан болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!