Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен

Былтыр әлемдегі ауқатты адамдардың саны 5%-ке көбейіп, 23 миллионға жуықтап қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Долларлы миллионерлердің байлығы да артып, 87 триллион долларға жетті. Оған инфляция қысымының азайып, әлемдік нарықтың қалпына келе бастауы әсер еткен.

Өткен жылы, әсіресе, Солтүстік Америка мен Азияда ауқатты адамдар көбейген.

Айта кеткен жөн, Forbes рейтингі бойынша америкалық кәсіпкер Илон Маск қазір әлемдегі ең бай адам саналады. Үздік үштікке Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос пен Louis Vuitton басшысы Бернар Арно кіріп отыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!