Фото: Pixabay.com
Іnbusiness.kz. Бақыт ақшамен өлшенбейді. Global Emotions 2024 институтының бақытты және бақытсыз елдерді анықтау үшін арнайы Gallup сауалнамасын жүргізген.
Сауалнама нәтижесінде Латын Америкасы мен Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде бақытты адамдардың көптеп өмір сүретіні анықталған. Аталмыш институт адамдардың материалдық деңгейін ғана емес, адамдардан шығатын жағымды, жағымсыз эмоцияларды, сезімдерді де есепке алған. Сонымен, ең көңілді әрі бақытты өмір сүретін елдердің ішінде Парагвай (86 ұпай), Панама (86 ұпай), Гватемала (85 ұпай), Мексика (84 ұпай) және Индонезия (84 ұпай) көш бастап тұр. Ал, Сенегал жалғыз Африка мемлекеті ретінде 82 ұпаймен үздік 10-дыққа кірді, бұл ішінара континенттегі ең тұрақты елдердің бірі болғандықтан. Бұл елдердегі адамдар үнемі күліп жүреді, бір-біріне үнемі көмектесіп, жылы сөздермен бірін-бірі қанаттандырып жүреді.
Ал Ауғанстан (38 балл), Солтүстік Кипр (46 балл) және Түркия (47 балл) елдері көңілсіз жүретін елдердің қатарына енді.
Ал тіптен, бақытсыз өмір сүретін елдердің қатарында Гвинея (53 балл), Чад (51 балл), Сьерра-Леоне (50 балл), Конго Демократиялық Республикасы (49 балл) және Ирак (49 балл) елдері кірген. Gallup сауалнамасында бұл елдердің тұрғындарына хал-жағдайлары мен денсаулықтарына, күнделікті өмірлерінде көретін қиыншылықтары мен ауыртпашылықтарын, қаншалықты бір-біріне көмектесіп, күніне қанша мәрте күлетіндеріне дейін сұраған. Алайда 2021 жылдан бері әскери тәртіптен әбден қажыған Гвинея халқы жағымсыз эмоцияларды көптеп шығаратындарын ашық айтқан. Ал Израиль болса, соғыс басталғалы бері ең жағымсыз эмоцияға толы елдердің қатарына енген.
Дегенмен көңілді жүріп, бақытты өмір сүретіндердің қатарында Қазақстан өте төменгі орында. Сауалнама нәтижесі мынандай балл көрсеткіштерін тізген.
Онда Қазақстан небәрі – 14 балл жинаған. Ал, Қырғызстан – 15 балл, Өзбекстан-19 балл, ал Ресей 20 балл. Тізімнің ең соңында Вьетнам халқы 11 баллмен түйіндеген. Бұл дегеніміз адамдардың жағдайы жақсы болса да, орташа болса да эмоциясыз өмір сүреді деген сөз. Адамдар ішкі сезімдерін көп шығара алмаған соң, өзін бақытты сезінбеуі де мүмкін дейді институт мамандары.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!