KAZINFORM – Knight Frank тәуелсіз консалтингтік компаниясының биылғы жылы жарияланған дәулеттілік туралы есебіне сәйкес, 2023 жылы әлемдегі аса бай адамдардың саны 42 пайызға өсіп, 626,6 мың адамға жеткен. Компанияның болжамынша, 2028 жылдың соңына қарай олардың саны тағы 28,1 пайызға артып, 802,9 мың адамға жетеді. Бұл туралы ranking.kz хабарлайды.
Аса дәулетті адамдардың көпшілігі Солтүстік Америкада тұрады: 253,1 мың адам, бұл – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 7,2%-ға көп.
Азия мен Еуропада аса бай адамдардың айтарлықтай саны тіркелді: сәйкесінше 165,4 мың және 155,2 мың адам.
Одан кейінгі орында Таяу Шығыс (18,8 мың адам), Аустралия (17,9 мың адам), Оңтүстік Америка (13,2 мың адам) және Африка (3 мың адам) тұр.
Елдер бойынша аса бай адамдардың үштен бірінен астамы 225,1 мың адам АҚШ-та тұрады.
Одан кейінгі орында Қытай орналасқан (98,6 мың адам). Бұл екі елде әлемдегі аса бай адамдардың жартысынан астамы тұрып жатыр.
Аса дәулетті адамдар саны ең көп бес елдің қатарына Германия (29 мың адам), Канада (27,9 мың адам) және Франция (24,9 мың адам) кірді.
Тұтастай алғанда, алғашқы 10 елдің үлесіне әлемдегі аса бай адамдардың 79,2%, ал алғашқы 20 елдің 90% дерлік үлесі бар.
Қазақстан Knight Frank есебіне кірмегенімен, Forbes World’s Billionaires миллиардерлерінің 2024 жылғы жаңартылған рейтингінде 6 қазақстандық әлемдік миллиардерлер тізіміне енді. 5,8 млрд доллар байлығы бар Вячеслав Ким алғаш рет Қазақстанның ең бай адамы атанды. Одан кейін тізімде Тимур мен Динара Құлыбаевтар (5 млрд АҚШ доллар), Владимир Ким (3,6 млрд АҚШ доллары), Тимур Турлов (3,3 млрд доллар) және Болат Өтемұратов (2,7 млрд доллар) есімдері тұр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!