Фото: Видеодан алынған скрин

Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанды Республика күнімен құттықтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас консулдығы хабарлады, деп жазады KAZINFORM.

— Осылайша Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанды Республика күнімен құттықтады, — деп хабарлады Қазақстан Республикасының Бас консулдығы «Бурдж-Халифа» ғимаратының бейнежазбасын жариялап.

Айта кетелік Ақорда резиденциясының алдындағы алаңда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне және Қазақстанның Егемендік туралы декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өткен еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!