Motor1 2025 жылдың ең қуатты 20 көлігінің тізімін шығарды. Рейтингке бензинді, гибридті және электрлі қозғалтқыштары мықты автомобильдер енгізілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қызығы, алғашқы үш орынды гибридті және электрлі автокөліктер иеленген. Швед өндірушісі Koenigsegg шығарған флагмандық Gemera моделі 2 300 ат күшіне ие болып, әлемдік рейтингте бірінші орынға шықты.

Екінші орында – 2 107 ат күшіне ие электрлі гиперкар Rimac Nevera R, ал үшінші орында – қуаты 1 984 ат күшін құрайтын Aspark Owl тұр.

Әлемдегі ең қуатты көліктер анықталды
Фото: Visualcapitalist

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!