20 қаңтарда Brand Finance консалтингтік компаниясы әлемдегі ең қымбат брендтердің рейтингін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Есептеулерге сәйкес, технологиялық алпауыттың құны 607,6 млрд долларды құрады.
«Apple бағасы 6%-ға өсті», – делінген Brand Finance жарияланымында.
Одан да жоғары өсім көрсеткен Microsoft 2-орынға жайғасты – компанияның құны 565,2 млрд доллар деп бағаланды. 3-орынды Google иеленді, оның құны 433,1 млрд доллар болды.
Алдыңғы үштіктен кейін Amazon орналасты – 369,9 млрд доллар. 5-орынды Nvidia иеленді – 184,3 млрд доллар. Ол бағасы шамамен екі есеге өскен TikTok, Walmart, Samsung және Facebook компанияларын басып озды. Өткен жылы Nvidia рейтингте тек 9-орында болған.
Сарапшылар YouTube-ты әлемдегі ең мықты бренд деп таныды, ал қытайлық WeChat 2-орынға шықты. Microsoft бренд қуаты бойынша Google мен LEGO-ны артта қалдырып, 3-орынға көтерілді.
Ең қымбат брендтердің жартысынан астамы АҚШ-қа, 15%-ы Қытайға, ал 5,6%-ы Германияға тиесілі.
Сондай-ақ, әлемдегі ең ірі әуе компанияларының бірі – Emirates 15 қаңтарда «Үлкен дулыға» турнирлерінің төрт дүркін чемпионы, әлемнің бірінші ракеткасы, беларусиялық теннисші Арина Соболенкомен серіктестік келісім жасасқанын мәлімдеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
