Sputnik. Әр жылдың соңында әлемдегі ең қымбат ойыншылардың рейтингі қорытындыланады, оған негізінен ағылшын Премьер-лигасы мен Испания Ла лигасының өкілдері енеді, деп хабарлайды Sputniк Қазақстан.

Тізімді Transfermarkt сайты жариялады. Бұл рейтингтің басында Ламин Ямал («Барселона»), Эрлинг Холанд («Манчестер Сити») және Килиан Мбаппе («Реал») тұр. Бұл үштіктің нарықтық құны 200 миллион еуроға тең.

Ең қымбат 5 ойыншы қатарында корольдік клубтың тағы екі мүшесі бар, олар: Джуд Беллингем (160 миллион) және Винисиус Джуниор (150 миллион).

Бұл жерде Ламин Ямал 20 жасқа дейінгі ең құнды жас ойыншылардың тізімінде бірінші орында тұрғанын атап өткен жөн.

Сайт 3 млн еуроға бағаланған қазақстандық жас футболшы Дастан Сәтбаевты да ұмытпаған. «Қайраттың» 17 жастағы шабуылшысы жақында үшінші рет УЕФА рекордшылар тізіміне енді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!