фото: ашық дереккөзден алынды
Ең қымбат ойыншық скейтбордшы-монстр бейнесіндегі Labubu, деп хабарлайды Aikyn.kz.
2023 жылы Labubu ойыншығы eBay интернет-аукционында 10,5 мың АҚШ долларына (5,7 млн теңгеден астам) сатылды.
Бұл рекордтық баға, – деп жазады New York Post.
Басылымның мәліметінше, сирек кездесетін бұл Labubu өткен аптада сатылған және қазіргі таңда eBay платформасындағы ең қымбат вирус ойыншыққа айналған.
Аталған ойыншық әйгілі көше киімдері мен спорттық аяқкиімдер бренді Vansпен қытайлық Pop Martойыншық өндірушісінің бірлескен жобасы аясында жасалған. Ал бастапқыда оның бағасы небәрі 85 доллар (шамамен 46 мың теңге) болған. Осылайша, коллекциялық Labubu-дың құны бастапқы бағасынан 125 есе өскен.
Бұған дейін бұл ойыншықтарды өндіруші компанияның табысы халықаралық нарықтағы жоғары сұраныстың арқасында 4,5 есеге артқаны хабарланған болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!