KAZINFORM — БҰҰ-ның Дүниежүзілік туристік ұйымы 2024 жылы ең танымал болған елдердің топ-10 тізімін жариялады. Ғаламдық туризмнің ең танымал бағыты — Франция, бұл елге 102 миллион саяхатшы барған. Әсіресе, Париж бен Лазур Жағалауының (Кот-д’Азур) қалалары үлкен сұранысқа ие, деп жазды DW.

Екінші орында — Испания, өткен жылы мұнда 93,8 миллион қонақ келген. Соңғы кездері ел тұрғындары жаппай туризмге қарсы наразылық акцияларын жиі өткізіп жүр.

Испаниядан кейінгі орынға АҚШ жайғасты — 72,4 миллион турист келген.

Германия ең көп баратын елдер арасында тоғызыншы орын алды. БҰҰ мәліметінше, туристер бұл елдің қалалары мен көрікті жерлерінің алуан түрлілігіне қызығады. Соның ішінде, Кёльн соборы мен Нойшванштайн қамалы ерекше танымал.

2024 жылғы ең танымал 10 туристік елдің толық тізімі мынадай:

  1. Франция
  2. Испания
  3. АҚШ
  4. Түркия
  5. Италия
  6. Мексика
  7. Қытай
  8. Ұлыбритания
  9. Германия
  10. Жапония

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!