Әлемнің ең бай мемлекеті – Катар. Алғашқы орында тұрған, 1,7 млн ғана халқы бар Парсы шығанағында орналасқан бұл мемлекет 2015 жылдың алғашқы жартысында тұрақты және ең көп мөлшерде табиғи мұнайды өндіретін елдердің қатарынан табылып отыр.
Келесісі – Люксембург. Сырт көзге территориясы кішкене ғана қала-мемлекет болып көрінуі мүмкін. Алайда мұндағы ЖІӨ жан басына шаққандағы мөлшері – 87 541 доллар. Осындай көрсеткішпен Люксембург рейтингте екінші сатыға жайғасқан.
Әлем елдері ішінде тек экономикалық жағынан емес, сондай-ақ, білім-ғылым саласында да қарқынды дамып келе жатқан Сингапур ең бай мемлекеттер арасында үшінші орында тұр. Ел халқының жалпы ішкі өнімін жан басына шаққанда бір жылда әр сингапурлық тұрғын – 56 498 доллар табыс табады екен.
Ал төртінші мемлекет – Норвегия. Норвегиялықтардың жылдық табысы – 51 959 доллар. Осындай көрсеткішпен олар үздік төрттікте тұр.
Әлемнің ең бай мемлекеттері арасында үздік бестікті Бруней түйіндейді. Норвегиямен салыстырғанда аталған ел өздерінің аса ірі мұнай және газ қорларымен мақтана алады. Тіпті, мұнда мемлекеттің ЖІӨ-нің 90 пайызы кен орындарының есебіне тиесілі.
1950 жылдардың бас кезеңінде БАӘ қаржы дағдарысынан қатты әлсіреген, экономикасы тұрақсыз, халқы кедей елдердің қатарында болған. Алайда ел территориясынан аса ірі мұнай қорын тапқан соң бәрі өзгерді.
Дүниежүзінде алпауыт саналатын АҚШ рейтингтің жетінші сатысынан бір-ақ шықты. Экономикалық, әскери, еңбек капиталы жөнінен АҚШ әлемді мойындатқан мемлекет. Мұнда жылдық табыс мөлшері – 46 874 доллар.
Соңғы жылдарда қарқынды дамып келе жатқан Гонконг үздік сегіздік қатарынан табылуда. Мұнда тиімді экономикалық саясат, арзан салық реформасы еркін сауда-саттыққа жол ашқан. Бұл әлемнің түкпір-түкпірінен инвесторлар тарту үшін де тиімді. Сондықтан Гонконг көбіне туристік қала саналып кеткен. Десе де, мұндағы жылдық табыс мөлшері – 44 996 долларды құрайды.
Тоғызыншы орынға Швейцария жайғасқан. Себебі, ол тек шоколадымен, әйгілі сағаттарымен ғана емес, ел тұрғындарының білімділік коэфиценттері арқылы да әлем елдерінен оқ бойы озық шығуда. Мұнда тұрғындардың 98 пайызы жоғары білімді және банк секторы мықты дамыған.
Нидерланд тек табиғи байлықтарға ғана бай емес. Сондай-ақ ол геосаяси, территориялық маңызды аймақта орналасқан. Еуропаға апаратын барлық жол Нидерланд елі арқылы өтеді.
Ал Қазақстан ЖІӨ жан басына шаққандағы жылдық көрсеткіші жөнінен әлемнің 144 мемлекетінің ішінде 50 орынға тұрақтаған. Ресми деректерде қазақстандықтардың жылдық табысы 14 000 долларды құрайды делінген.
Жинақтаған Нұртілеу ЖОРАБЕК
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!