KAZINFORM – Bloomberg мәліметіне сәйкес, Дональд Трамптың 20 қаңтарда өткен инаугурациясынан кейінгі жеті аптаның ішінде іс-шараға қатысқан ең ірі бес миллиардер 209 миллиард доллардан айырылған.
Оның басты себебі жаңа президенттің экономикалық саясатына байланысты технология алпауыттары үлесінің күрт төмендеуі және компаниялардың нарықтағы көрсеткіштерінің нашарлауы болды.
Ең көп жоғалтқан Илон Маск болды, оның байлығы 148 миллиард долларға төмендеді. Бұл –миллиардерлер арасындағы ең үлкен құлдырау. Желтоқсанда оның капиталы рекордтық көрсеткішке, 486 миллиард долларға жетті. Бірақ сайлаудан кейін Tesla акциялары күрт құлдырай бастады, ең жоғары көрсеткішінің 55 пайызын жоғалтты.
10 наурызда компания акциялары 15,4%-ға төмендеді. Бұл – 2020 жылдан бергі ең нашар көрсеткіш. Бұл Tesla-ның нарықтық капитализациясының 125 миллиард долларға төмендеуіне әкелді.
Трамп Truth Social-да акциялардың құлдырауына жауап ретінде Tesla-ны қолдайтынын және жаңа электромобиль сатып алатынын айтты. Содан кейін компанияның акциялары нарыққа дейінгі саудада 5%-ға қымбаттады. Бірақ сарапшылар бұл уақытша әсер деп санайды.
Сарапшылардың пікірінше, Tesla-ның басты мәселесі саясатта емес, бәсекелестік пен нашар сатылым көрсеткіші Қытайлық BYD компаниясы электр көліктерін сатуда Tesla-ны басып озды, ал арзанырақ Модель 2-ден ($25 000-ға) бас тартуы сұранысқа әсер етті.
Басқа миллиардерлер қандай шығынға ұшырады?
АҚШ қор нарығы сайлаудан кейін өсім көрсетті, бірақ Трамптың экономикалық саясаты инвесторлардың көңіл күйін түбегейлі өзгертті. Канададан, Қытайдан және Мексикадан келетін тауарларға жаңа тарифтер, сондай-ақ экономикалық белгісіздік S&P 500 индексінің 6,4%-ға төмендеуіне әкеліп, ең ірі корпорацияларға әсер етті.
17 қаңтардан бері Amazon акциялары 14%-ға құлдыраған Джефф Безос 29 миллиард доллар жоғалтты. Компаниялардың бәсекеге түсуі қиын, ал қытайлық тауарларға тарифтердің көтерілуі логистикалық шығындарды арттыруы мүмкін.
Сергей Брин 22 миллиард доллар жоғалтты. Google-ге иелік ететін Alphabet реттеуші органдардың қысымына ұшырады. Сонымен қатар жарнамадан түсетін табыстың өсуін бәсеңдеді.
Марк Цукерберг 5 миллиард доллар жоғалтты. Меtа қаңтарда нарықтық құнның күрт өсуіне қарамастан, акциялар кейіннен барлық табысын жоғалтты. Бернард Арно да 5 миллиард доллар жоғалтты. Өйткені LVMH акциялары сайлаудан кейін бастапқыда 20% өсті, бірақ содан кейін сәнді тауарларға сұраныстың төмендеуіне байланысты қайтадан құлдырады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!