Air Astana Ресейге ұшатын барлық рейсті тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Air Astana Ресей Федерациясына және сол жақтан келетін коммерциялық рейстерді сақтандыру өтелімінің тоқтатылуына байланысты Ресейге қатынайтын және оның әуе кеңістігі арқылы ұшатын барлық рейсті тоқтатады», – делінген әуе компаниясының хабарламасында.

Қазіргі уақытта Министрлік рейстерді жедел қалпына келтіру үшін мүдделі тараптармен осы мәселелерді шұғыл түрде «Эйр Астана» әуекомпаниясымен бірлесіп шешуде. Тоқтатылған рейстердің жолаушылары авиабилетті сатып алу орны бойынша авиабилет құнын толық қайтаруды ресімдей алады. Әуе компаниямен келесі байланыстар арқылы байланысуға болады:

Тел.: +7 727 244 44 77 (08.00 – 00.00) Тел.: +7 7172 584477 (08.00 – 00.00) Моб.: +7 702 702 4477 (08.00 – 00.00) WhatsApp: +7 702 702 0148 (08.00 – 20.00) Online chat: airastana.com (24/7) Help.airastana.com Ресейдегі байланыстар: Тел.: +7 (495) 287 70 08/09 Тел.: +7 (495) 363 50 40 Моб.: +7 985 232 0436 Сондай-ақ рейстердің тоқтатылуына байланысты, жолаушыларға кеңес беру үшін Министрліктің Азаматтық авиация комитеті «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ базасында келесі нөмірлер бойынша жедел желі телефонын құрды. Моб.: +7 700 2718951 Моб.: +7 700 2718952 Тел.: +7 7172 798 213 Тел.: +7 7172 798 215

Жолаушыларға әуекомпанияның ақпараттық хабарламаларын және броньдауда көрсетілген байланыс деректері бойынша жеке ақпаратты қадағалау ұсынылады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!