Фото: видеодан скриншот

Американың Калифорния штатында алғашқы қазақ балабақшасы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

АҚШ-та білім орталығын құру туралы идея отандасымыз Жанна Атабековаға тиесілі. Оның айтуынша,енді Кремний алқабында тұрып, жұмыс істейтін қандастарымыз өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды сіңіріп, қазақ тілін үйрете алады.

Айта кетерлігі, балабақшаға Қазақстаннан келген иммигранттармен қатар қырғыз және америкалық отбасылар да балаларын бере алады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!