Фото: James Speakman/AP

Англияда би сабағына қатысып жатқан 6-11 жас аралығындағы балаларға жас жігіт шабуыл жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Euronews-ке сілтеме жасап.

Ливерпуль маңындағы Саутпорт қаласында түскі уақытта би және йога сабақтары өтіп жатқан сыныпта пышақпен жасалған шабуылдан кем дегенде екі бала қайтыс болып, тағы тоғыз бала жарақат алды.

Қаруланған полиция қызметкерлері 17 жастағы күдіктіні ұстап, пышақты тәркіледі. Әзірге толық мәліметтер жарияланбады, бірақ Мерсисайд полициясының мәлімдемесінде бұл қайғылы оқиға терроризм деп саналмайтыны айтылған.

Солтүстік-батыс жедел жәрдем қызметі (NWAS) пышақ жарақаттары бар сегіз пациентке көмек көрсеткенін, оларды Олдер-Хей балалар ауруханасына, Эйнтри университеті ауруханасына және Саутпорт пен Формби ауруханасына жеткізгенін хабарлады.

Ұлыбритания премьер-министрі Кейр Стармер болған оқиғаға қатысты марқұмдардың отбасына көңіл айтты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!