KAZINFORM – Ұлыбритания үкіметі Англияда 15 мыңнан астам адам жұмыс істейтін Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің таратылғанын хабарлады.

Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармердің атап өтуінше, денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі құрылымы тиімсіз. Осыған байланысты үкімет үнемделген қаражатты медициналық қызметтердің сапасын жақсарту үшін пайдалана отырып, Англиядағы Ұлттық денсаулық сақтау қызметін таратады.

Мен британдықтардың өз ақшаларын бюрократияның екі деңгейіне жұмсау қажеттігін ақтай алмаймын. Бұл қаражат медбикелерге, дәрігерлерге, операцияларға және дәрігердің қабылдауына жұмсалуы мүмкін және жұмсалуы керек, – деп мәлімдеді Стармер бейсенбіде.

Үкімет басшысының пікірінше, Англияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметі мен Ұлыбританияның денсаулық сақтау департаментінің бір мезгілде болуы жүйенің шамадан тыс күрделілігіне әкеледі. Бұл құрылымдарды біріктіру басқаруды оңтайландыруға, қатар процестерді жоюға және жыл сайын жүздеген миллион фунт үнемдеуге мүмкіндік береді.

Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау жүйесі Англия, Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландия төрт аймақтық жүйесін біріктіреді. Англияның денсаулық сақтау жүйесі 2012 жылы үкіметтен кең автономияға ие квазимемлекеттік орган ретінде құрылды.

Ол Англиядағы денсаулық сақтау қызметтерін қаржыландыру мен үйлестіруге жауапты. Ол 1,4 млн аурухана, дәрігер және жедел жәрдем қызметкерлерін және 190 млрд фунт стерлингтен астам бюджетті қадағалайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!