АҚШ президенті Дональд Трамп жақын арада Ресей басшысы Владимир Путинмен кездеспейді. Бұл туралы Ақ үй айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі CBS-ке сілтеме жасап.
«Жақын уақытта Трамп пен Путиннің кездесуін өткізу жоспарланып отырған жоқ», — делінген хабарламада.
Еске салайық, 16 қазанда Путин мен Трамп телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы жағдайды талқылаған еді. Кейіннен көшбасшылардың алдағы екі апта ішінде Будапештте жеке кездесу өткізуге келісімге келгенін айтылды, алайда нақты уақыты белгіленбеген болатын. Ал 17 қазанда Трамп Ақ үйде Зеленскиймен жолыққан еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!