KAZINFORM – АҚШ Орталық қолбасшылығы ұсталған 7000-ға жуық «Ислам мемлекетінің» (ИМ, Қазақстанда тыйым салынған ұйым – ред.) содырлары Сириядан Иракқа тасымалдануы мүмкін екенін мәлім етті, деп хабарлайды NBC News.
150 «Ислам мемлекеті» мүшесінен тұратын алғашқы топ Сирияның солтүстік-шығысындағы Хасака провинциясынан Ирактағы қауіпсіз жерлерге жіберілді.
Бұған АҚШ қолдаған Сирия демократиялық күштері (SDF) мен Сирия үкіметінің дүйсенбі күні Ирак шекарасына жақын орналасқан Әл-Шаддади түрмесінен ИМ мүшелерінің қашып кетуіне қатысты бір-біріне тағылған айыптаулар себеп болды.
Күрдтер басқаратын SDF әлі де шамамен 9000 ИМ мүшесін ұстайтын оннан астам түрмені басқарады. ИМ 2017 жылы Иракта және 2019 жылы Сирияда жеңілгенімен, террористік топ аймақ үшін әлі де қауіпті саналады, себебі екі ел де шабуыл жасауды жалғастырып келеді.
АҚШ-тың Сириядағы елшісі Том Бэррак Сирия демократиялық күштерінің ИМ-ге қарсы күрестегі рөлі негізінен таусылғанын, себебі Дамаск енді қауіпсіздік үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын екенін мәлімдеді.
Сирия Сыртқы істер министрлігі ИМ ұстау орындарын билікке тапсыруды құптап, оны қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтудағы маңызды қадам деп атады.
Сирия лагерлерінде шамамен 24 000 адам, негізінен ИМ мүшелерінің әйелдері мен балалары қалғаны аталып өтті. Олардың арасында шамамен 14 500 сириялық және 3000 Ирак азаматы бар. Әлемнің түкпір-түкпірінен тағы 6500 азамат экстремистік топқа қосылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
