АҚШ мемлекеттік департаменті Газадан шыққан адамдарға барлық санаттағы визаларды уақытша беруді тоқтатты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы DW-ге сілтеме жасап.
Бұл шешім толық әрі мұқият тексеріс жүргізілгенге дейін күшінде болады.
Ведомствоның мәліметінше, соңғы уақытта анклав тұрғындарына медициналық және гуманитарлық негізде ғана аздаған уақытша визалар берілген.
Мәселен, 2025 жылдың өзінде Палестина ұлттық әкімшілігінің құжаты бар азаматтарға 3800-ден астам В1/В2 қонақ визасы рәсімделген. Тек мамыр айының ішінде 640виза берілген.
Америка-Ислам қатынастары жөніндегі кеңес шешімді айыптап, оны Дональд Трамп әкімшілігінің қасақана қатыгездігі деп бағалады. Ал Палестина балаларын қолдау қоры мұндай қадам Газадағы ауыр науқас және жараланған балалардың АҚШ-та ем алу мүмкіндігін шектейтінін мәлімдеді.
Айта кетейік, Трамп әкімшілігі сапарларға қойылатын шектеулерді айтарлықтай қатаңдату мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл бастама АҚШ-қа тағы 36 елдің азаматтарының кіруіне тыйым салуға әкелуі ықтимал.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!