АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландияны әскери күшпен басып алмайды. Бұл туралы сенатор Джеймс Ланкфорд «Meet the press» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Америка Құрама Штаттарының басқа елге басып кіру ниеті жоқ. Біз ондай емеспіз»,—деді Ланкфорд 12 қаңтарда.

Ол АҚШ-қа Гренландия «экономикалық қауіпсіздік» үшін қажет екенін жеткізді.

«Шыны керек, президент ойын айқын жеткізді. Ол — америкалық әскерді соғыстан сақтаған басшы. Трамп соғыс бастауды, америкалық әскерді кеңейтуді көздемейді, бірақ елдің ұлттық қауіпсіздігін қорғап қалуды қалайды. Ал оның бір бөлігі – біздің экономикалық қауіпсіздігіміз бен болашағымыз»,—деп толықтырды сенатор.

Бұған дейін Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Гренландияны АҚШ құрамына қосу қажеттілігі туралы жазған еді. Сондай-ақ ол Канаданы қосу және Панама каналы аумағындағы бақылауды қайтару қажеттігі жөнінде де сөз қозғады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!