Sputnik. Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон АҚШ конгресі Украинаның қажеттіліктері үшін жаңа қаржыландыру пакетін бекіту идеясын қолдамайтынын айтты және Владимир Зеленскийді Ресеймен қақтығысты тоқтату бағытында жұмыс істеуге шақырды.
«Конгресте бұған ешқандай әрекет жасалып жоқ. Ол (Зеленский) бұл соғысты тоқтатуы керек», – деді Джонсон Вашингтон түбіндегі консерваторлардың халықаралық конференциясында (CPAC).
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонның Украинаны қолдау үшін жүздеген миллиард доллар жұмсағанын, бірақ оның орнына «ештеңе алмағанын» айтқан. Ол сондай-ақ Зеленскийді сынап, Америка Құрама Штаттарынсыз бейбіт келіссөз жүргізе алмайтынын атап өтті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!