Қысқа үзілістен кейін Украинаға тағы да АҚШ-тан қару-жарақ жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақ үй Украинаға кез келген көмекті тоқтату идеясын қабылдамай, қару-жарақ жеткізетінін мәлімдеді. Әкімшілік мүшелері Киевке америкалық қордан қанша әскери қолдау көрсету керегін нақтылай алмаған.

25 қаңтарда мемлекеттік департамент тиісті бұйрық шығарды. Украинаға үкіметті бюджеттік қолдауға, гуманитарлық көмекке және дамуды қолдауға ондаған миллиард доллар жіберді. 

АҚШ қорғаныс министрлігі Украинаға әскери көмек Трамптың бұйрығымен белгіленген шектеулерге жатпайтынын түсіндірді. 

Ресейдің соғысы басталғалы бері Киевке әскери көмекке шамамен 66 миллиард доллар, ал 2014 жылдан бері шамамен 70 миллиард доллар бөлінген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!