АҚШ мемлекеттік департаменті Қырғызстан азаматтары үшін миграциялық емес виза беруге жаңа шектеулер енгізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жаңа ережелерге сәйкес, туристік және іскерлік визалар енді тек 3 ай мерзімге және бір рет қана кіруге беріледі. Бұған дейін мұндай визалардың мерзімі он жылға дейін жарамды болған еді.

Дипломатиялық өкілдіктің түсіндіруінше, бұл шара АҚШ-тың көші-қон жүйесіндегі заңбұзушылықтарды анықтап, олардың алдын алу мүмкіндіктерін күшейтуге бағытталған.

Еске салайық, маусым айында Вашингтон 36 елдің азаматына елге кіру шектеулерін енгізу мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарланған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!