АҚШ сауда министрі Джина Раймондо келесі аптада АҚШ-та қытай автомобильдеріндегі бағдарламалық жасақтама мен жабдықтарды шектейтін ережелердің дайын болатынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қытайлық БАҚ-тың мәліметінше, АҚШ сауда министрлігі көліктерде негізгі Қытай технологияларын пайдалануды шектемек.

Тыйым қабылданғаннан кейін, қытайлық автомобиль компаниялары дайын көліктерді АҚШ-қа экспорттай алмайды. Сонымен қатар, General Motors пен Ford сияқты америкалық автомобиль компаниялары да Қытайда өндірілген автомобильдерін АҚШ-қа қайта сата алмайды.

«Біз сала өкілдерінің пікірін тыңдағымыз келеді. Мұны дұрыс жасауымыз керек. Барлық шолуларды қарастырдық. Енді ережелерді енгізетін уақыт келді», – деп атап өтті Раймондо.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!