Фото: NASA / Роскосмос
АҚШ Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) мен Роскосмос Халықаралық ғарыш станциясына ұшу бағдарламасын жалғастыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы америкалық ғарыш департаментінің басқарылатын ұшу бағдарламасының жетекшісі Кен Бауэрсокс хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
«Біз әлі де қажетті келісімдерді әзірлеп жатырмыз, бірақ біз ұшу бағдарламасын жалғастыруға ниеттіміз… бұл Ресей үшін де, Америка үшін де маңызды», – деді Бауэрсокс ТАСС-қа берген сұхбатында.
Америкалық шенеунік келісімдердің әлі жасалмауының себептерінің бірі Boeing Starliner кемесіндегі жағдайдың белгісіздігі екенін айтты. Оның айтуынша, «Роскосмос» кеменің өз ғарышкерлерін жіберуге болатынын-болмайтынын қарастырып жатыр.
Тамыз айының соңында NASA SpaceX Crew-9 экипажында өзгерістер болғанын хабарлады, нәтижесінде америкалық астронавт Ник Хейгпен бірге ХҒС-қа Роскосмос астронавты Александр Горбунов аттанады. Құрамды өзгерту туралы шешімді NASA бас астронавты Джо Акаба қабылдады. Экипаж 24 қыркүйекке дейін ұшырылмайды.
Бұған дейін, 21 тамызда Роскосмос ХҒС экипаждарының құрамын 2025-2026 жылдарға жария еткен болатын. «Союз МС-27»-де 2025 жылдың наурыз айында станцияға ресейлік ғарышкерлер Сергей Рыжиков пен Алексей Зубрицкий ұшады. 2026 жылы «Союз МС-29»-да Петр Дубров, Сергей Корсаков пен Анна Кикина ХҒС-қа ұшады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!