Миссуридегі федералды сот Қытай үкіметін коронавирус пандемиясы туралы ақпаратты әдейі жасырды деп айыптап, 24 миллиард теңге көлемінде өтемақы талап етті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы The New York Times басылымына сілтеме жасап.

Айыптау шағымын Миссуридің бас прокуроры Эрик Шмитт 2020 жылы берген. Құжатта Қытай үкіметі пандемияның алғашқы кезеңдерінде вирустың таралуы жайлы ақпаратты жасырғаны, осының салдарынан басқа елдерге жеке қорғаныс құралдары мен медициналық құрылғыларды сатып алуға кедергі келтіргені жазылған.

Сот шешімінде Қытай пандемияның қауіпін жасырып, жеке қорғаныс заттарын өндіруде монополия орнатуға тырысқаны айтылған. Бұл АҚШ-тың вирустың таралуына дер кезінде әрекет етуіне қиындық туғызған.

Алайда, Вашингтондағы Қытай елшілігінің өкілі Лю Пэнъюй сот шешімін мойындамайтынын мәлімдеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!