SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ-тың Халықаралық сауда істері жөніндегі федералдық соты Дональд Трамптың басқа елдерге қатысты енгізген кедендік баждарын заңсыз деп таныды. Бұл шешім 28 мамыр күні шығарылды.

Соттың мәлімдеуінше, Трамп бұл шараларды қабылдауда өз өкілеттігін асыра пайдаланған. Ол салықтарды «Халықаралық төтенше экономикалық өкілеттіктер туралы заңға (IEEPA)» сүйене отырып енгізген.

Алайда сот бұл заң президентке «шексіз билік бермейді» деп мәлімдеді. Қалыпты жағдайда мұндай шешімді Конгресс қабылдауы тиіс. Президент тек «ерекше және төтенше қауіп төнген жағдайда» ғана әрекет ете алады, бірақ бұл жағдайда ондай қауіп дәлелденбеген.

АҚШ үкіметі сот шешіміне наразылық білдіріп, апелляциялық шағым түсіретінін хабарлады. Ақ үй өкілі Куш Десаи мәлімдеме жасап, «елдегі төтенше жағдайларға қалай әрекет ету керектігін сайланбаған судьялар шешпеуі керек» деді. Оның айтуынша, Трамп әкімшілігі бұл шешімге қарсы күресу үшін барлық атқарушы тетіктерді қолданбақ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!