фото: baq.kz

АҚШ-та әуеде келе жатқан жолаушылар ұшағының қозғалтқышы отқа оранды, деп хабарлайды BAQ.KZ msn.com-ға сілтеме жасап.

АҚШ-та Delta авиакомпаниясына тиесілі Boeing 767-400 ұшағының қозғалтқышы әуеде өртеніп кетті. Ұшақ Лос-Анджелестен Атлантаға бағыт алған. Бортта 226 жолаушы және 9 экипаж мүшесі болған.

Оқиға ұшақ көкке көтерілгеннен кейін көп ұзамай орын алған. Қозғалтқыштың бірінен өрт шығып, пилоттар шұғыл шешім қабылдап, әуежайға кері қайтқан.

Delta әуе компаниясының мәліметінше, ұшақ сәтті қонған. Барлық жолаушылар ұшақтан қауіпсіз жағдайда эвакуацияланған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Қазіргі уақытта оқиғаның себептері анықталып жатыр, тиісті тергеу басталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!