KAZINFORM — АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында жұмыс орнында болған қарулы шабуыл салдарынан үш адам қаза тауып, ал қару кезенген күдікті өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Анадолу.
Сан-Антонио полициясының дерегінше, оқиға ландшафт материалдарын сату компаниясында болған. Шабуылдаушы үш әріптесін атып өлтірген, ал зәресі қалмаған өзге қызметкерлер ғимараттан жүгіріп шыққан.
Оқиға орнына келген құқық қорғаушылар бірнеше сағат өткен соң күдіктінің денесін тапты. Ол өз-өзіне қол салған екен. Оның 21 жастағы Хосе Эрнандес Гало есімді азамат екені анықталды.
Билік бұл шабуылдың кездейсоқ болмағанын мәлімдеді, алайда қылмыстың ақ-қарасы әлі де тергеліп жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
