Америка халқы Дональд Трамп енгізген тарифтердің зардабын сезінуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
The Financial Times басылымының жазуынша, елде импортталатын тауарлардың құны өсуде. Бұл ретте, импорттық өнімдердің бағасы оның елдегі қоры азайған сайын артып отыр.
АҚШ-тың еңбек статистикасы бюросының мәліметіне сүйенсек, осы жылдың наурызынан тамызына дейін елде қымбаттады:
- аудиотехника (+14%);
- көйлектер (+8%);
- үй тауарлары (+5%).
«Бұл тауарлардың көпшілігі импорттық», – делінген басылымда.
Еске салсақ, Трамп сәуір айының басында шетелдік өнімдерді импорттауға ауқымды баж салығын жариялаған болатын. Оның сөзінше, тарифтер американдық бюджетке миллиардтаған доллар әкеледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!