АҚШ армиясы трансгендерлерге Қарулы күштер қатарында қызмет етуге тыйым салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл шешім Трамптың трансгендерлердің АҚШ әскерінде қызмет етуіне тыйым салатын, сондай-ақ тек екі жынысты – ер мен әйелді мойындайтын жарлығына байланысты.

«АҚШ армиясы бұдан былай трансгендерлердің Қарулы күштер қатарына қосылуына жол бермейді, сондай-ақ әскери қызметкерлердің гендерлік трансформациясына қатысты процедураларды жүргізуді немесе жеңілдетуді тоқтатады», – делінген АҚШ Қарулы Күштері X әлеуметтік желісінде таратқан хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!