Филадельфияда шағын санитарлық Learjet 55 ұшағы апатқа ұшырады. Ол сауда орталығының автотұрағына құлады. Ұшақ бортында алты адам болған, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі CBS-ке сілтеме жасап.

Learjet 55 медициналық ұшағы Филадельфиядан Миссури штатының Спрингфилд қаласына бағыт алған. Ол Northeast Philadelphia Airport әуежайынан ұшып шыққаннан бірнеше минут өткен соң халық тығыз қоныстанған ауданда, Roosevelt Mall сауда орталығының автотұрағына құлаған.

АҚШ-тың көлік министрі Шон Даффидің айтуынша, апат кезінде бортта алты адам – төрт экипаж мүшесі, науқас бала және оның қамқоршысы болған.

Компания өкілдері: «Қазіргі уақытта аман қалғандар туралы ақпаратты растай алмаймыз», – деп мәлімдеді.

Жерде де бірнеше адам зардап шеккен. Қалалық билік өкілі ұшақ сынықтары бірнеше үй мен көліктерге түсіп, өрт шыққанын хабарлады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!