Фото: Видеодан алынған скрин
АҚШ-тың Денвер қаласындағы халықаралық әуежайда бортында 179 адамы бар жолаушылар ұшағы өртенді, деп хабарлайды KAZINFORM New York Post басылымына сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, Майами бағытына бет алған ұшақ ұшу жолағынан көтерілер сәтте шассидің ақауына байланысты тоқтап қалған. Өрттің шығуына дәл осы ақау себеп болуы мүмкін.
Оқиға салдарынан кемінде бір адам зардап шекті.
Жолаушылар шұғыл түрде төтенше жағдайға арналған сырғанау траптары арқылы эвакуацияланды.
Әуежай әкімшілігі оқиғаға байланысты 100-ге жуық рейстің кешіктірілгенін мәлімдеді.
Оқиғаның нақты себебін анықтау мақсатында АҚШ-тың Федералды азаматтық авиация басқармасы тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, Италияда шағын ұшақ трассаға құлап, екі адам қаза тапқан.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!